Самокат айдап, жол ережесін бұзғандарға қашан айыппұл салынаты айтылды

2206
Adyrna.kz Telegram
ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдері Қазақстандағы жол қозғалысы ережесін бұзған электрсамокат жүргізушілеріне қашан айыппұл салынатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жаңа жол ережесін жүйелейтін заңнамаға анықтама берілді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Мемлекет басшысы жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жазылған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдаған еді.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі аталмыш заңды алға тартып, былай дейді:

"Заң ресми түрде "Казахстанская правда" басылымында 2023 жылғы 30 маусымда жарияланды және осы жылдың 30 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі".

Заңда жол қозғалысын қамтамасыз етуге арналған көлік құралдарының жаңа түрлеріне анықтама беріледі. Олар -  "электр самокаттар" және "шағын электр көліктері".

Мұндай көлік түрін тізгіндегендер құқық бұзған жағдайда тиісті заңмен жазатанатын болады:

"Заң - жолаушыларды тасымалдау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жарық шағылыстыратын заттарды кию және жолда адамның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, электр құралының қауіпсіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілейді. Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабына немесе 620-бабына сәйкес құқық бұзушылықтың құрамына қарай жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы "Жол жүрісі туралы" заңында жылдамдық межесі де көрсетілген. Заңға сәйкеc, тротуардағы электр самокаттарының жылдамдығы -  6 км/сағ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі электрлі көлік құралдары арқылы жол ережесі бұзылған жағдайда проблеманың жеке қарастырып, оқиғаға жеке баға берілетінін хабарлады.

"Әкімшілік құқық бұзушылықтың квалификациясы әрбір нақты факті бойынша жол қозғалысы жағдайына байланысты жеке белгіленеді".

2023 жылдың 27 шілдесінде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы ережелеріне және көлік құралдарын пайдалануға рұқсат берудің негізгі ережелеріне түзетулер әзірледі. Ережеде электр самокатына қатысты ережелер енгізілген.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер