Джеки Чан жайлауда қытай әнін домбыраға қосыла орындады

2153
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әйгілі актер, кинорежиссер Джеки Чан Қытайдың «Нағыз қаһармандар» атты әнін Шыңжаңның көрікті жайлауында домбыраның сүйемелдеуімен айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл әнді әртүрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген болуы керек. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін, — дейді Джеки Чан.

Жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне келіп, сонда өнер көрсеткен болатын. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.

16 шілдеде Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының «Тұлпарлар мекені» мәдени туристік саябағында ашылған фестивальде Джеки Чан 56 этнос өкілдерімен бірге «Ұлт» әнін орындаса, көрермендермен бірге «Туған жерді жырлаймыз» әнін шырқаған.

Пікірлер