Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігін өз мойнына алмайды

2080
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сай  күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президентінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

"Міндеттері – Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - делінген жаңа құжатта.

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін МКҚ-ден Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін алып тастау туралы құжат  қоғамдық талқылауға ұсынылып, кейін мақұлданды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер