Еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі жеке парақшасына аралық есеп жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Динара Зәкиева Facebook желісіндегі жеке парақшасында:
Құрметті достар, ағымдағы ай бойы Премьер-Министрдің орынбасары Т.Қ. Дүйсенова және мемлекеттік органдардың барлығымен Мемлекет басшысының балалық шақ саласындағы тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс істеп келеміз.
Негізгі бағыттар – профилактика жүйесін және көмек құралдарын құруды, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған инфрақұрылым құру.
Сонымен қатар, бұл және басқа да міндеттермен өңірлерде жұмыс істей бастадық. Жалпы алғанда, бір жарым айдың ішінде 4 аймаққа барып келдім. Енді күзде ҮЕҰ-мен, өңірлерлік БҚУ-дермен үлкен талқылау өткізуді жоспарлап отырмыз. Өңірлерге ұзағырақ мерзімге барып, аудан орталықтары мен ауылдарда жұмыс істейміз.
Түрлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ата-аналармен көтерілетін мәселелер мен өтініштер бойынша үнемі кездесулер өткізіп жүрміз. Сондай-ақ, бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді – бұл емдеу мәселелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа қатысты, - деп аралық есебін жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы “Арман Дала” лагерьінде болған жаға ұстатарлық оқиғадан кейін Зәкиева еліміздегі кей лагерь мен мекемелердің сапасы сын көтермей тұрғанын айтқан еді.