Жамбылда шенеуніктер ауыз суға бөлінген қаржыны жымқырған

2284
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында ауыз судың сапасын жақсартуға бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қордай ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің экс-басшысының 6,5 миллион теңге ұрлағанын анықтады.

«Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы «М.», «Қордай су» МКК директоры «К.» және кәсіпкер «Е.» құжат бойынша құны 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған. Алайда нысанды егжей-тегжейлі талдау және визуалды қарау су мұнарасының шын мәнінде салынбағанын көрсетті.
Тергеу барысында тараптар 6,5 миллион теңгені иемденіп, өзара бөлісіп, ауыл тұрғындарын өздігінен ағып жатқан суды пайдалануына қалдырғаны белгілі болды»,—деп түсіндірді облыстық прокуроратура.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Қордай аудандық сотының үкімімен басқарманың бұрынғы басшысы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Басқарма заңсыз игерілген ақшаның толығымен мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер