Қазақстанда президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылады. Президенттің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығына тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазір мемлекеттік саяси қызметшілер:
- өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамағаны;
- лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны;
- қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны;
- заңдарда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылатын.