Алматыда 47 жастағы әйел жеті жастағы өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Kazachkov offside» Telegram арнасының жазуынша, қыздың өліміне күдікті - қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек.
Қаза тапқан бүлдіршін одан шамамен 15 жас кіші жолдасының бірінші некесінен туған қызы болған.
Марқұм болған Карина Закураеваның жақындары әйелдің жеткіншекті 4 ай бойы сабап келгенін айтады. Ал бүлдіршіннің әкесі оған мүлде араша түспеген.
Полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Алматы қалалық полиция Департаменті, Бостандық аудандық полиция Басқармасымен қылмыстық іс ҚР ҚКнің 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлайды. Күдікті – 1976 жылы туған Т.есімді азаматша ұсталды және қамауға алынды.Тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.