Жанармай құю бекеттері бензин бағасын көтеруге құқылы - Министр

2021
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жанармай құю бекеттерінің бензин бағасын көтеруге құқығы бар екенін айтты, деп жазады "Адырна".

Басқарма басшысы 95-ші бензиннің тапшылығы байқалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған Шымкент мұнай-химия зауытында жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Атырау зауытының апатты жағдайда тоқтап қалуы себеп.

"Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажетті көлем жинақталып, әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес отынның бұл түрі жөнелтіліп жатыр. Иә, тұтыну көлемі ұлғайған аймақтарда сәтсіздіктер болуы мүмкін. Тапшылық ішкі жеткізу есебінен жабылады", - деді Сәтқалиев шілденің 12-сі күні үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Ол АИ-95 отынның реттелмейтін түрі екенін атап өтті.

"Жанармай құюшылар өздері бағаны көтеруге құқылы. Біз Энергетика министрлігі ретінде баға көрсеткіші бойынша ұсыныстар жасай аламыз. Жанармайдың бұл түрінің бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін өнім иелерімен және жанармай құю станциялары бар желілермен, кәсіпорындармен  тығыз байланыста жұмыс жүргіземіз" деді министр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер