"Әкесі кім, шешесі кім демейміз". Даниал Ахметовтың қызы алған субсидияға қатысты министр жауап берді

2624
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың қызы  мемлекеттен субсидияны қалай алды деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысынан Ахметовтың қызының агрокомпаниясы бизнесті дамытуға субсидияны қалай алғанын сұрады.

"Даниал Кенжетайұлының қызы алған субсидияға қатысты. Ол Павлодар облысында субсидия алған жалғыз жеке кәсіпкер. Ол субсидияны қалай алды?" – деп сұрады журналистер.

"51 мың (кәсіпкер. - Ескерту) Мемлекеттік стоматия жүйесінде тіркелген. Барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз жерлерін, малының бар-жоғын көрсетеді, әкең немесе шешең кім екенін ешкім сұрамайды. Жүйе объективті түрде қарайды: негіз бар болса, олар осы негіздер үшін төленеді, ақша болмаса – кезекке қойылады, бұл біздің жүйенің жаңалығ. 120 миллиард субсидия төленді, ондаған мың адам алды», - деп жауап берді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

"Демек, Даниал Ахметовтің қызы субсидияға мұқтаж жандардың бірі екен? Министр ретінде бұл қалыпты жағдай деп ойлайсыз ба?" – деді журналистер.

"Мен министр ретінде ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді екіге бөлмеуім керек: олардың әкесі кім, шешесі кім, олардың жағдайы қандай. Бізде заңдар мен ережелер бар, талаптар бар. Біз, түптеп келгенде, құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Әңгімені кімнің ата-анасы екені туралы бастасақ... бұл бейберекетсіздік. Ең бастысы, заңды негіздеме болды ма, жоқ па, соған қараймыз» - деді министр.

Журналистер министрден заңды негіздердің бар-жоғын тексеруді сұрады.

 

Пікірлер