Тоқаев көрші елдермен бірігуді ұсынды

4841
Adyrna.kz Telegram

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары бас қосқан кеңеске қатысқан Қазақстан Президентді Қасым-Жомарт Тоқаев экология саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерңп, өзара байланыстарды нығайтуды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Экологиялық күн тәртібін ілгерілетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу және қоғамның әл-ауқатын арттыру мүмкін емес. Өкінішке қарай, су тасқыны, қуаңшылық, өрт, судың және топырақтың ластануы секілді түрлі табиғи катаклизмдер айтарлықтай көбейгенін байқап отырмыз. Осы ретте Қазақстан қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешу үшін күш біріктіруді көздейді, - деді Тоқаев.

Мұнымен қоса алғанда, Тоқаев экологиялық мәселелер бойынша бірқатар міндеттерге баса назар аудару қажет екендігін айтты.

- Біз мынадай міндеттерге баса назар аудару қажет деп санаймыз: ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнату; Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау.

Бұл шаралардың барлығын бүгін қабылданатын Декларацияда бекітілген ШЫҰ-ның Экология жылы аясында ұйымдастыруды ұсынамын», - деді Президент.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер