Қостанай облысында зейнеткер пәтерінен арқанмен шықпақ болған

2232
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қостанай облысының Қашар ауылында 75 жастағы зейнеткер 4-қабаттағы пәтерден төсек жапқыштарынан жасалған арқанмен төмен түспек болған. Оны байқаған куәгерлер полицияға хабарласқан. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Тілектес Әубәкіров жеткен. Ол дереу пәтерге көтерілгенмен, оның есігі жабық болыпты. Содан кейін полицей жоғарыдағы қабаттағы көршілерінің пәтеріне көтеріліп, зейнеткер әйелмен сөйлесе бастаған. Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлының есікті сыртынан кілттеп, жұмысқа кеткенін айтады.

Есікті аша алмаған әйел сыртқа балконнан төсек жапқыштарымен түскісі келген екен.

Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым. Оны тыныштандыруға тырыстым және осы уақытта әйелдің туыстарына қоңырау шала бастадым. Біраз уақыттан кейін оның жиені келді, оның қосымша кілті болды, - деді учаскелік полиция қызметкері.

Зейнеткердің ұлына да болған оқиға туралы хабарланған. Ол анасын мазаламау үшін сыртынан жауып кеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер