Іле сағасында 6 200 гектар жерге өрт жайылды

2264
Adyrna.kz Telegram

Іле-Балқаш аңғарында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 гектар алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 га болды, оның ішінде сөндірілгені – 6 050 гектар.

ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштері қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жерді жырту жұмыстарына кірісті.

Елді-мекендерге қауіп жоқ.

Әлеуметтік желілерде таралған космониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 С, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с», - делінген хабарламада.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер