Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

1817
Adyrna.kz Telegram

Құрметті қазақстандықтар!

Біз Сіздерді Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің, қуаныш пен шаттықтың, жаңа бастамалардың мейрамы болумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді жас ұрпаққа насихаттайтын ұлттық мейрамымыз.

Келген Жаңа Жыл баршаларыңыздың шаңырақтарыңызға береке мен бақыт сыйласын!

Барлық қолға алған істеріңізде сәттілік серік болып, арман-мақсаттарыңызды іске асыру жолында толағай табысқа, қызмет бабында кәсіби жетістіктерге жете берулеріңізді, әріптестер алдында құрмет пен түсіністікке ие болуларыңызды тілейміз!

Ал ең бастысы – әрқайсыларыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, шаттық пен қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке және жақындарыңыздың аман-сау болуын тілейміз!

Жадырап келген көктем күні баршаңызға жан жылулығын, көтеріңкі көңіл күй, сарқылмас күш-қуат сыйласын!

Құрметпен "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі мен порталының ұжымы!

Пікірлер