Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР бас прокуратурасының құрылымын өзгерту туралы президент жарлығына қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құрылымы төмендегідей болмақ:
- Басшылық;
- Аппарат;
- Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі (жаңа қызмет);
- Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі;
- Қоғамдық мүддені қорғау қызметі;
- Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі (жаңа қызмет);
- Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі;
- Кадрлық жұмыс департаменті (бұрынғы кадрларды дамыту департаменті);
- Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұрынғы ішкі тергеу департаменті);
- Стратегиялық даму департаменті;
- Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті;
- Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті;
- Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті;
- Қаржы департаменті;
- Мемлекеттік құпияны қорғау басқармасы;
- Ішкі аудит басқармасы;
- Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.
Айта кетейік, ведомство құрамынан арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау қызметтері алынып тасталған.
Жарлық қол қойған күннен, яғни 23 мамырдан бастап күшіне енді.