Лионель Месси ПСЖ-дан кете ме?

6119
Adyrna.kz Telegram

«ПСЖ» сапында өнер көрсететін шабуылшы Лионель Месси париждік клубпен келісімшартын ұзартпайды және ағымдағы маусымның соңында одан кетеді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Twitter-де хабарлады.

ПСЖ басшылығы командаға 2021 жылы қосылған 35 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартуға мүдделі екені бұған дейін белгілі болған. Алайда тараптар келісімге келе алмағандықтан, Месси Барселонаға оралуы немесе мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы ықтимал.

ПСЖ сапында Франция чемпионы атанған Месси жүлделер саны бойынша Дани Алвесті қуып жетті. Аргентиналық ойыншының қазір 43 жүлдесі бар, болашақта ол бразилиялық ойыншының қазіргі уақытта жеңілмейтін рекордын басып озуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер