Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылының АХАЖ ғимаратында болған оқиға елді елең еткізді. Ажырасып жатқан азаматтар арасында дау туып, ер адам әйеліне пышақ ұрды. Өкінішке қарай, денесіне бірнеше рет сұғылған суық қарудың салдарынан әйел көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Вечерняя Караганда" басылымының хабарлауынша, әйел ауыр жарақаттан қайтыс болған.
Ажырасу рәсіміне қатысу үшін күйеуі Алматыдан арнайы барған. Әйелі қызымен ұзақ уақыт бөлек тұрған.
Полиция оқиғаға қатысты мынандай түсінік берді:
"Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы