Тауар айналымы 15 миллиард доллар. Қазақстан мен Италия басшыларының сөйлесуі

1937
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Джорджа Мелони өзінің твиттерінде жазды. 

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмилия-Романья аймағындағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдарға көңіл айтты.

Әңгімелесушілер саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 15 миллиард долларды құрады. Қазақстан мен Италия экономиканың әртүрлі салаларында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Біздің елімізде 270-тен астам итальяндық компания табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар, энергетика, көлік, өнеркәсіптік кооперация және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Джорджа Мелони твиттер парақшасында Тоқаевқа көңіл айтып қолдау білдіргені үшін және ынтымақтастықты қолдайтыны үшін алғысын жазды.

Пікірлер