Ресейден алғашқы ұшақ келіп қонды. "Шақырылмаған қонақтарды" Тибилиси тұрғындары шерулете қарсы алды

2985
Adyrna.kz Telegram
Грузия астанасында жергілікті халық Ресей мен Грузия арасындағы әуе қатынасының жандануын құптамайтындығын байқатты. Олар екі мемлекеттің арасындағы әуе жолының жаңғыруына, ресейіктердің елге келуіне қарсы, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Дождь" телеарнасының хабарлауынша, бас көтеріп отырғандардың ұзын саны 1000-нан асып жығылады. Олар Грузия парламенті ғимаратының алдында жиналған.
Нақтырақ айтқанда, "Азимут" компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы түстен кейін Тбилиси халықаралық әуежайына қонды. Мұнда оны наразылық білдірушілер тобы қарсы алды.
Орайы келгенде айта кетейік, кеше Тибилисиге соңғы төрт жылда Ресейден тікелей алғашқы әуе ұшағы келіп қонды.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер