Тоқаевты Қытайда қалай қарсы алды?

3139
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді,  оның ішінде стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылатын болады.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің әуежайдағы кездесуінің суретін таратты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қытайлық мектеп оқушылары қарсы алды.

«18 мамырда Мемлекет басшысы Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, мемлекеттік сапарлар бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ Алматыда Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсіміне қатысады», - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысады. Сондай-ақ Сиань қаласындағы еліміздің Бас консулдығының салтанатты ашылуына қатысу жоспарлануда.

Еске салайық, 12 мамырда Қытай телеарнасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланған болатын. Бұдан кейін президент Орталық Азия елдерінің Қытаймен жақындасуына қатысты кейбір азаматтардың алаңдаушылығына тоқталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер