Өткенде американың «Forbes» журналы ақшасы көп әлемнің ең бай адамдарының тізімін түзіп шықты. Сөйтіп 2019 жылдың рейтингісі бойынша дүниедегі ең бай адам – Джефф Безос деп танылған. Оның байлығы – 131 миллиард долларды құраған.
«Forbes» тізіміндегі 5 бай
Amazon интернет желісінің негізін қалаушы Джефф Безос осымен екінші жыл қатарынан әлем ауқаттыларының көшін бастап отыр. Былтыр оның байлығы 100 миллиард долларға тең болса, биыл 131 миллиардты құрапты.
Биылғы тізім бойынша әлемнің ең жас кәсіпкері – 21 жастағы Кайли Дженнер деп танылған. Ол ғарыш саласында кәсіп етіп жүріп 1 миллиард доллар пайда тапқан. Ал нәзік жыныстылардың ішінде ең ауқаттысы Бетеанкур Мейерс дейтін француз келіншек болған. Ол жалпы тізімде 15-орында тұр. Атақты L'Oréal-дың мұрагері. Оның активтері 50,7 миллиард долларды құраған.
Жиған-тергені миллиард доллармен есептелетін ауқаттылардың тізімі биыл 55 адамға азайған. Былтырғы тізімде 2208 адам болса, биыл 2153 адам ғана миллиард доллардық дүние жиған екен. Айтпақшы, әлем ауқаттыларының дүние-бай лықтары да былтырғы жылмен салыстырғанда әжептәуір азайын ғанған екен. Былтыр барлық бай-бағланның дәулеті 8,7 триллион долларды құраға, биыл жалпы сома 400 миллиард доллардың төңірігенде ғана болған. Рейтингте жаңа миллиардерлердің қатарына 195 адам қосылған екен, тағы.
Әлемнің ауқаттыларының қатарында қазақстандық кәсіпкерлер де жоқ емес. биыл бұл тізімге бес бірдей қазақстандық кәсіпкер кірген. Енді солар туразы аз кем сөз шығарайық. Дүниенің дәулерінің қатарына бізден кімдер қосылған? Білмесеңіз біле жүріңіз...
Владимир Ким
Қазақстан байларының көшін Влаимир Ким бастапты. «Forbes» тізімінде Влаимир Ким 424-орында тұр. Оның байлығы 4,5 миллиард доллар деп көрсетілген екен. Былтыр оның ақшасы 3,1 миллиард доллар болған. Ал тізімде 766-орында тұрған.
Болат Өтемұратов
Әйдік тізімдегі екінші қазақстандық Болат Өтемұратов. Оның жиған-тергені 3,4 миллиард долларға бағаланған. Сөйтіп жүріп жалпы тізімнің 645-сатысына жайғасыпты. Айтпақшы, бір жылдың ішінде Бөкеңнің байлығы 800 миллион долларға өскен екен. Былтыр Болат Өтемұратов бұл бізімде 2,6 миллиард доллар ақшасымен 924-орында тұрған.
Динара мен Тимур Құлыбаевтар
Онан кейінгі сатыда Динара мен Тимур Құлыбаевтар тұр екен. 715-орында бұл отбасы өзара бөліскенге ұқсайды. «Forbes» журналы бұл екеуінің ақшасын есептесе, әрқайсысының шотында 3,1 миллиард доллардан ақша бар екен. Айтпақшы Құлыбаевтар отбасымен бірге 715-орында АҚШ Президенті Доналд Трамп та тұр екен. Доналд Трамптың да дүние-мүлкі 3,1 миллиард долларға бағаланған екен.
Адильжан Ибрагимов
Қазақстандық бестікті Адильжанее Ибрагимов түйіндепті. Жаһандық тізімде Әдекең 1008-орынға жайғасқан. Оның байлығы 2,3 миллиард долларды құраған. Айтпақшы, Әдекең былтыр 1070-орында болған.
Міне, солай. Осы жерде айта кетейік, «Forbes» тізіміне енген Қазақстан байларының жалпы қаржысы 16,4 миллиард долларды құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда біздің бестік 2 миллиард долларға байыпты. Бұл жыл сайын америкалық «Forbes» журналының жыл сайын жасайтын тізімі. Биыл осымен 32-мәрте түзіліп отыр.
Анығында Қазақстанның байлығын басып жеп отырған бұл бесеуі ғана емес. Жаңағы «Forbes» журналының Қазақстандағы өкілдігі былтыр ғана еліміздегі ең ауқатты 50 байдың тізімін түзіп шыққан. Олар кімдер? Білмесеңіздер біле жүріңіздер, біз әлгі әйдік тізімге көз жүгіртіп шыққанды жөн деп таптық.
Алғашқы бестікті жоғарыда атап айттық. Әрі қарай әлемдік тізімге енбесе де әжептәуір байлық жинап үлгерген 45 адамды рет-ретімен жазайық.
6.Рашит Сәрсенов
$735 000 000 (Нефтетрейдинг, металлообработка, финансы)
«Нұрбанк» АҚ-ның 84,45 % акциясы дәл осы Рәкеңе тиесілі. Бұдан бөлек «Гелиус» жанармай бекеттері мен «Виктория» сақтандыру компаниясы да Рәкеңнің меншігінде. Павлодардағы KSP Steel және «Кастинг» зауыттарының акциялары, Көкшетаудағы «Көкше-цемент» пен Ақтаудағы труба шығаратын зауыт және «Caspian Riviera» қонақ үйі де Рашит Серсеновтің иелігінде.
«Vita» дейтін ауыз су шығаратын зауыт та, «Французкий дом» сауда желісі де, «Beautymania», «Imperial Home», «Планета красоты» сауда желілері мен «Дибек» ат клубы толығымен Рәкеңе тиесілі. Ол аз десеңіз, Рәкең Алматы құрылыс және менеджмент колледжі мен Каспий университетінің де акционері.
- Дәурен Жақсыбек
- Кеңес Рақышев
- Еркін Тәтішев
- Қайрат Боранбаев
- Айдын Рақымбаев
- Олег Новачук
- Айгүл Нуриева
- Сейтжановтар отбасы
- Александр Белович
- Данияр Абулгазин
- Ғалымжан Есенов
- Вячеслав Ким
- Серік Тульбасов
- Дінмүхамет Ыдырысов
- Александр Клебанов
- Айдан Карибжанов
- Мұқашевтар отбасы
- Сергей Кан
- Нұралы Әлиев
- Эдуард Ким
- Сержан Жұмашев
- Орифжан Шадиев
- Бахаридин Аблазимов
- Берік Қаниев
- Юрий Пак
- Анатолий Балушкин
- Қайрат Сатыбалды
- Ерболат Апсалямов
- Александр Гарбер
- Ержан Достыбаев
- Бауыржан Исабаев
- Қанат Көпбаев
- Нұрбол Сұлтан
- Алмас Сұлтанғазин
- Төлеген Балғымбаев
- Ибрагим Акдрашев
- Яков Клебанов
- Асхат Омаров
- Қайрат Мажибаев
- Арманжан Байтасов
- Алмас Мыңбаев
Серік Айдынұлы
"Адырна" ұлттық порталы