Ресей олигархы Әлішер Османовтың ісіне байланысты Германияда, "Бавария" футбол клубында, тінту жүргізілді. Нәтижесінде Османов "салықтан жалтару" және "ақша жымқыру" баптары бойынша жазықты деп танылды. Олиграхтың баспасөз қызметі бұл шешімді жоққа шығарып, бұл миллиордерді "саяси қудалау", "барып тұрған жала" деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Bild басылымы хабарлағандай, Османов пен неміс футболының топ-менеджері, "Бавария" клубының бұрынғы президенті Ули Хенесс арасында байланыс бар.
"Олар бір-бірін таниды. Екеуі курорттық Тегернзе қаласына жиі барады" деп жазды Bild.
Майндағы Франкфурт қаласының прокуратурасы "Бавария" клубына және оның жауапты адамдарына қатысты ешқандай тергеу ісі жүргізілмегенін мәлімдеді. Бұл мәліметті футбол клубы да растады.
Bild басылымының мәліметі жөнінде пікір білдірген Әлішер Османовтың өкілі тергеуге ешқандай негіз жоқ екенін айтты.
"Азаттықтың" жазуынша, "Еуропа одағы 2022 жылғы ақпанның аяғында "Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға атсалысқан" ресейлік кәсіпкерлермен, шенеуніктермен және мәдениет қызметкерлерімен бірге Османовты да қара тізімге енгізген.
Биыл 29 сәуірде Османов Еуропа одағының санкция тізіміне енгеніне қарсылық білдіріп, Еуропа сотына арызданған. Bild газетінің хабарлауынша, сот оның даулы арызды тездетіп қарау туралы өтінішін қанағаттандырмады.
"Адырна" ұлттық порталы