IT индустрия жедел дамып жатыр. Жастар осы бағытқа бет бұруы керек - Мусин

2118
Adyrna.kz Telegram

"Qazaqstan" ұлттық арнасының "Жедел желі" бағдарламасына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тікелей эфир барысында қоғамның сандық сауатын қалыптастыру, IT мектеп, ақпараттық қауіпсіздік, интернет сынды мәселелер талқыланды.

 - IT мектепте оқыған әрбір адам үшін мемлекеттен 600 мың теңге бөлініп жатыр. Көбісі мұнай саласында қызмет етсем, жақсы жалақы аламын деп ойлайды. Бірақ IT мамандығымен өз мүмкіндігіңе сай 2000-3000 доллар жалақы алуға болады. Қазақстанда отырып-ақ шетелдік алып технологиялық компанияларда жұмыс істеуге болады, - деді Мусин.

Сонымен қатар, министр Отанымызда экспорттық IT өнімнің де артып келе жатқанын мәлімдеді. Ақпараттық өнімнің 3 жыл ішінде 10 есе өскенін хабарлады.

-  IT индустриямыз дамып жатыр. Сондықтан жастар бұл бағытқа бет бұруы керек, - деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер