Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы жыл басында министрді облыс экономикасының өсу қарқынымен таныстырды.
Облыстың бөлінуімен 2022 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты оң динамиканы көрсететін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау бірінші кезектегі міндет.
Жалпы өңірлік өнімнің 3,5% - ға өсуін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы жылы да тұрақты экономикалық өсу үрдісін сақтауды жоспарлап отырмыз.
Кез келген елдің дамуында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Олардың саны қазірдің өзінде 116 мыңға жетті және бұл елдегі 4 орын. Тек 2022 жылдың 9 айында олар 2 трлн-нан астам өнім өндіріп, қызмет көрсетті. Ал бюджетке 220,2 млрд. теңге түсті. Экономикадағы ШОБ үлесі 36,7% - дан 45,5% - ға дейін өсті.
Халықтың 84% - ы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту маңызды және ауылдық аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын толық қолдаймыз.
Жаңа облыс орталығын дамытуға қатысты қалалық инфрақұрылымның ауқымды моделі таныстырылды, оған сәйкес қазіргі заманғы сапа стандарттарына сай ғимараттар, үйлер, әлеуметтік және мәдени-демалыс объектілерінің құрылысы басталады.
Мемлекеттік органдарды көшіру кезінде әкімшілік және тұрғын үй ғимараттары мәселесі өзекті болып табылады.
Өткен жылы Үкімет резерві есебінен ауданы 16,3 мың шаршы метр (5,6 млрд. теңге) екі әкімшілік ғимарат сатып алынды, тапшылық 50 мың шаршы метр, оны сатып алуға 23,6 млрд. теңге қажет.
Бүгінгі таңда нормативке сәйкес ауданы 11,6 мың шаршы метр 3 ғимарат анықталды. Сатып алу сомасы 4 млрд. 977 млн. теңгені құрайды.
Сондай ақ Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласындағы өндірістік нысандарды аралап шыққан еді.
Сапар бағдарламасы аясында министр өңірдің жетекші кәсіпорындарында болып, перспективалы даму жобаларымен танысты. Сонымен қатар, Әлібек Қуантыров Алматы облысының өнеркәсіп саласын дамыту туралы өз көзқарасын айтты.
Алдымен министр "Маревен Фуд Тянь-шань" азық-түлік өндіру зауытында болды. Мұнда ол тез дайындалатын макарон өнімдерін, алкогольсіз сусындарды өндіру процесімен танысты. Өнімнің 60 пайызы жақын және алыс шетелдерге экспортталады.
"Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша зауытты іске қосу үшін қажетті инфрақұрылым құрылысына көмек көрсетілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 593 млн.теңге тартылды. Жалпы, кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 35 млрд. теңгені құрады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 85 мың тонна дайын өнімге жетеді.
"Маревен Фуд Тянь-Шань" басқарушы директоры Станислав Дегтяревтің айтуынша, кәсіпорынды тиімді дамыту үшін экспорттық ҚҚС қайтару мәселесін шешу қажет деп атап өтті. Кәсіпорын 850 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта мұнда жылына 85 мың тонна өнім өндіріледі. Зауытты толыққанды іске қосу үшін тартылған инвестициялар көлемі 35 млрд. оның ішінде 593 млн.теңге "Бизнестің жол картасы-2020"мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.
"Маревен Фуд Тянь-Шань" басқарушы директоры Станислав Дегтяревтің айтуынша, қосымша өндірістік желіні орнату үшін газ, су және электр энергиясы қажет. Естеріңізге сала кетейік, зауыт басшысы жақын арада логистикалық қолжетімділікті жақсарту жоспарланып отырғанын атап өтіп, Министр Әлібек Сәкенұлына осы мақсатта тағы бір теміржол желісін тарту қажеттігін айтты.
Ведомство басшысы қуаттылығы жылына 10 мың тонна теңіз балығын өндіруге қабілетті балық өнеркәсібі кешенінің құрылысымен танысты. Жақын арада бұл ауданда "Баррамунди" балығын өсіру жоспарланған. Бүгінде балықтарға арналған арнайы бассейндер толығымен орнатылған.
Министр Әлібек Сәкенұлы облыс дамуына жақсы деген баға берді.