Польша кондитерлік зауытын Алматы облысында іске қосуды жоспарлап отыр

1747
Adyrna.kz Telegram
www.qonaev-gorod.kz
www.qonaev-gorod.kz

Алматы облысының Өңірлік даму орталығында "Стоксон" поляк компаниясының өкілімен кездесу өтті, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.

Тараптар жобаны іске асыру - Алматы облысында кондитерлік зауыт ашу және жалпы ауданы 5 га жер учаскесін бөлу саласында мемлекеттік қолдаудың ықтимал шараларын көрсету мәселесін талқылады.

"Алматы облысының Өңірлік даму орталығының өкілдері кәсіпкерлерге кеңес берді. Сондай-ақ тиісті жер учаскесін (5 га) іздеу және іріктеу бөлігінде жәрдем көрсету туралы шешім қабылданды, орналасу нұсқалары ұсынылды, коммуналдық инфрақұрылымды жүргізу саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді", - делінген хабарламада.

"Стоксон" - поляк кондитерлік өнімдерінің ең ірі зауыттарының бірі. 30 жыл ішінде компания өнімдерді ішкі нарыққа жеткізеді, сонымен қатар әлемнің 40-тан астам еліне экспорттайды. Компания автоматтандырылған жоғары технологиялық өндірістік жабдықты пайдаланады.

Бұған дейін аталған компанияның өкілдері Астанада жүзеге асырылуы тиіс құны 5 млн еуро болатын жобаны іске асыруды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Кәсіпорын 100-ден астам жұмыс орнын ашуға ниеттеніп отыр. Өнімдер ішкі нарыққа жеткізіледі, сонымен қатар көрші елдерді де қамтиды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2023 жыл.

Stokson компаниясының құрылтайшылары Генрик Стоклоса мен Матеуш Стоклоса Қазақстанда өндірістік кешеннің ашылуы Қазақстан экономикасына оң әсер етеді, сондай-ақ компанияның әлемдік нарықтардағы өкілдігін кеңейтуде маңызды рөл атқарады деп санайды, өйткені бұл компанияның алғашқы инвестициялық жобасы.

 

 

Пікірлер