Home » Айдарлар » Қоғам » Елбасы айтқан 21 мың теңгені кімдер алады

Елбасы айтқан 21 мың теңгені кімдер алады

“Нұр Отан” партиясының съезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов аталған көмекті кімдер алатынын айтты.

“Елбасы айтқандай, тұрмысы нашар отбасылардағы әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і немесе шамамен 20 800 теңге төленеді. Көпбалалы отбасы болып 4 немесе одан да көп бала тәрбиеленіп жатқан отбасылар есептеледі”, – деді ол.

Тұрмысы төмен отбасыға ондағы жиынтық табысты әр мүшеге бөлген кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-інен аспайтын, яғни әр адамға 15 мың теңгеден аз тиетін отбасы жатады.

“Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептей келгенде, олар  жәрдемақының 3 түрінен қағылады. Мұндай жәрдемақыны алатындарды көбірек қамту үшін ертең үкімет отырысында аталған мәселені кеңірек талқыға саламыз. Сондықтан мұны сол кезде толығырақ айтып беремін”,- деді Әлихан Смайылов “Нұр Отан” партиясының съзінен соң журналистерге.

Қаржы министрі президент халықтың тұрмысын көтеру мақсатында оларға берілетін әлеуметтік көмекті күшейтуді тапсырғанын айтуды ұмытпады.

“Жалпы бюджеттен бөлінетін қаржыны әлеуметтік салаға бағыттау жайлы кеше-бүгін ғана айтылып жатқан жоқ. Әсіресе, бұл мәселе соңғы жылдары көп көтерілді. Біздің халықтың әлеуметтік көңіл күйіне әсер ететін жағымсыз жайттардың күшеюіне байланысты әлеуметтік қолдау күшейтілді.

Айтап айтқанда, соңғы екі жылда республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінетін шығындар 34%-тен 45%-ке өсті. Алдағы 3 жылда аталған көрсеткіш 49%-ке артады. Әлеуметтік салаға басымдық берілгені анық көрініп тұр”, – деді ведомство басшысы.

Әр балаға 21 мың теңге аламыз деп алақайлаған Аналар бұл жаңалыққа қуана қоймағаны анық. Үкімет зарымызды тыңдап, талабымызды ескерді ма дегенде бұндай хабарды күтпегені де рас. Сол көмектік қаражат тағы да бармақ басты, көз қыстыға айналмаса деген тілектері бар.

 

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“ДРЕВНИЙ РИМДЕГІ” ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС НЕГЕ СОЗЫЛЫП КЕТТІ?

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасындағы іске қатысты тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Новый вестник сайты. Рахымжан ...