Ресейлік Kandinsky 2.1 нейрожелісі интернетті жаулап ChatGPT-ден озып барады

2171
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан таулары, 4k стилі.

Аталған желі GitHub рейтингінде үздік 5 трендтегі әлемдік репозиторийлар қатарына енген.

Сәуірдің басында іске қосылған ресейлік нейрожелі Сбербанктің туындысы. Көпшілік қауым Kandinsky 2.1 графикалық генеративті желісін қолданып бастады. Кандинский мәтіндік сипаттамаға сәйкес кез келген суретті салатын (немесе жасайтын) қолданба. Ол белгілі суретшілер стилінде өнер туындысын сала алады және фотосуреттен ажырата алмайтындай шынайы сурет жасай алады.

Үй, Қазақстан, дала кезген адам, 4k стилі

Бүгінгі таңда америкалық Midjourney нейрон желісіне кіру ақылы екенін алға тарта отырып, Kandinsky 2.1 тегін қолданба екенін айтпасқа болмайды. Оның үстіне Кандинскийдің жаңа моделі Midjourney 3 және 4 модельдерінің сапасынан кем түспейді.

Сол себепті Kandinsky 2.1 іске қосылған алғашқы 4 күнде 1 миллионнан астам пайдаланушы қолданып, араға екі күн салып, қолданушылар саны 2 миллионға жетті. Бүгінгі таңда Кандинский телеграм-ботта жеңілдетілген нұсқада жұмыс істеп тұр, ал кәсіби нұсқасы желінің веб-сайты және Fusion Brain веб-порталында қолжетімді.
Kandinsky 2.1 пайдалану оңай. Суретте болуы керек сипаттамаларды енгізіп, орындау стилін орнатыңыз да генерация түймесін басыңыз. Сипаттаманы нақтылап, толықтырған жағдайда нәтиже өзгереді. Сіз нейрон желіден бір сипаттамада қатарынан бірнеше сурет нұсқаларын жасауды сұрай аласыз.

Сіз тек мәтінмен ғана емес, дайын суреттермен де жұмыс істей аласыз. Kandinsky 2.1 фотошоптың орнына да қолдануға болады. Сіз нақты фотосуреттен кейбір мәліметтерді алып тастай аласыз немесе керісінше суретті мәліметтермен толықтыра отырып, салып шыға аласыз.
Кандинскийдің тағы бір ерекшелігі бар. AIRI жасанды интеллект институтының ғалымдарымен бірлесіп нейрожеліні құрған «Сбера» Sber AI технологиялық бөлімшесі Kandinsky 2.1 миллиардтан астам «мәтін-сурет» семантикалық жұптарын оқытып, деректер жиынына көптеген ақпаратты қосты. Сондықтан да Сбердің нейрожелісі ТМД елдері кеңістігінің мәдени және тарихи ерекшеліктерін тереңірек түсінеді.

Сондықтан біздің географиямызға, тарихымызға және мәдениетімізге қатысты сұраныстар бойынша Кандинский нәтижелерді шетелдік баламаларына қарағанда жақсырақ және дәлірек шығарады.

Kandinsky 2.1 жетістіктері де жоқ емес. GitHub жасаған рейтингте әлемдегі ең үздік 5 репозиторийге еніп, шетелде де бағаланды. Бүгінгі таңда Kandinsky 2.1 журналис, редактор, стилист, дизайнер, иллюстратор мен басқа да шығармашылық саласында істейтіндердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Кандинскийдің көмегімен дивайсың мен түрлі қолданбаңа фон, аватар жасап, өзіңді қуантуыңа болады.

Сонымен қатар, Kandinsky 2.1 әлеуеті жоғары, өйткені Сбер корпорациясы оны дамытып, және басқа да өнімдерді жасап шығаруды көздейді. Осы ретте корпорация нәтижелі жұмыс істеу үшін ынтымақтастықты арттыруды мақсат етіп, болашаққа бағдар жасайды.

Пікірлер