Ержан Қалымбайұлы «Alatay Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры болып тағайындалды

2993
Adyrna.kz Telegram

Ержан Қалымбайұлы – журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Білім жоғары, түрік, ағылшын тілін меңгерген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Кейін осы университетте аталған мамандық бойынша магистратура оқыған. Қарағанды «Фемида» заң академиясында «заңгер» мамандығы бойынша білім алған. Ыстамбұл (Түркия) университетінің докторанты.

Еңбек жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қатардағы тілшіліктен бастаған. Одан кейін әр жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы, «Жебе» және «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, «Хабар агенттігі» АҚ, «Қазақстан РТРК» АҚ, «Qazaq radiosy», «Еларна» телеарнасында түрлі лауазымда қызмет етті. «ULYS» халықаралық диджитал журналы мен ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы болды.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызметте де тәжірибесі бар. Атап айтқанда, халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс істеген.

Айта кетсек, "Alatau Aqparat" ЖШС 2020 жылы құрылды. Құрамына "Аlmaty-akshamy", "Вечерний Алматы" газеттері және "Аlmaty-akshamy.kz" мен "Vecher.kz" сайттары кіреді.

Пікірлер