Жамбыл облысында инвесторлар мен сала мамандарына жаңа инновациялық жобалар көрсетілді

1802
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында өтіп жатқан «ZHEIF-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында цифрландыру бағыты бойыша Иран, Литва, Қытай, Сауд Арабиясы және республиканың барлық аймақтарынан келген қонақтар Халықаралық Тараз инновациялық институтының IT академиясының жұмысымен танысты.

Инвесторлар мен сала мамандарына жаңа инновациялық жобалар көрсетілді. Мұнымен қоса, институттың қысқы бағында Жамбыл облысының экожүйесіне қарасты стартап, ғылыми жобалар мен аймақтың әлеуеті таныстырылды.

Білім ошағының қызметкерлері жаһандағы жаңа технологияларды қолдана отырып экологиялық, ағын судың жетіспеуі мәселесін шешудің жаңа жолдарын баяндады.

Сондай-ақ, ақылды шаруашылық ІоТ фермерлерге қашықтағы сенсорлар арқылы ылғалдылық, ауа температурасы және топырақ сапасы сияқты маңызды егістік және шаруашылыққа маңызды ақпаратын бақылауға, өнімділікті арттыруға, суаруды тиімдірек жоспарлауға және егін болжамдарын жасауға көмектесуге арналған жобасымен таныстырылды.

Ақылды ауыл шаруашылығы – бұл жай ғана жақсарту емес, дұрыс қолданылған жағдайда фермерлерге ауыл шаруашылығында кездесетін барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетін, қажетті инновация екеніне көз жеткізуге болады.

Халықаралық форум екі күнге жалғасады. Оның аясында облысымыздың инвестициялық мүмкіндіктері инвесторларға кеңінен таныстырылып, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын тиімді пайдалану, жаңа энергия көздері бағыттарын дамыту мақсатында инвесторларды тарту жұмыстары жүргізіледі.

Пікірлер