Текелі тауларының баурайында азық іздеген қоңыр қонжық көзге түсті

2986
Adyrna.kz Telegram

Текелі тауларының баурайын кезген маймақ қоңыр қонжық видеоға түсіп қалды. Қысқы ұйқыдан оянған үрпек қонжық жемтік іздеп, Жоңғар Алатауының етегіне түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазір аюлардың апаннан шығып, тау етегін жағалайтын кезеңі. Олар баурайдағы шөптесін өсімдіктермен қоректеніп, кейде ұсақ жәндіктерді аулайды.

Тянь-Шань қоңыр аюы адам баласын аса жатырқамайды. Дегенмен қысқы ұйқыдан оянып, арып-ашып жүрген шақтарында аю апанағына жоламаған дұрыс. Себебі, қонжық істі мен кірекейден [аюдың еркегі мен ұрғашысы] ұзап кетпейді. Олар қонжығын қызғанып, адамға тұра ұмтылуы мүмкін.

Орайы келгенде айта кетейік, 19 сәуір күні Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылының тұрғындары мал жайып жүріп, әлсіреген қар барысын ұстап алды. Жаралы жыртқыш Алматыдағы хайуанаттар бағына жеткізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер