Аймағамбетов міндетті медициналық сақтандыру жүйесін реформалауды ұсынды

2206
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қайта қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол қорды ай сайын қаржыландырудың тиімсіз екенін атап өтті. Айтуынша, халық ауруханаға барып тексерістен тегін өтемін десе, онда бір ай немес үш ай күту керек.

«Азаматтар тұрақты жарна төлеп жүрсе де, егер 3 ай төлемей қалса онда автоматты түрде МӘМС-тен шығып қалады. Бұл мәселені қайта қарау керек. Кез келген 12 ай үшін жарна аударылса, сақтандырушының мәртебесі қалдырылу ұсынылады. Халық қаражат түскенін, оның қайда және қандай мақсатқа бағытталғанын білуі керек деп ойлаймын. Электронды денсаулық паспортын көруге толық мүмкіндік те берілуі керек»,—деді депутат.

Еске сала кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылған еді. Бұл жүйені енгізу кезінде мемлекет бірнеше мақсатты көздеді. Атап айтсақ, медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемін арттыру, халықтың шығынын азайту, тегін берілетін дәрі-дәрмек тізбесін кеңейту. Алайда көпшілік медициналық сақтандыру жүйесін бірнеше рет сынға алып, тиімсіз екенін мәлімдеген болатын.

Пікірлер