Астанада наразылық танытқан Жаңаөзен мұнайшыларын ұстап әкетті

7402
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдында наразылық танытқан жаңаөзендіктерді арнайы жасақ ұстап әкетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Власть"-қа сілтеме көрсете отырып. 

Алдымен жасақтағылар наразылық білдірген мұнайшылардың төңірегінде топтанып, шеңбер құрып, кеттлинг әдісін қолданды. Сол жерге келген Есіл ауданының прокуроры жаңөзендіктердің әрекетін заңға қайшы деп айыптап, олардың тарауын талап етті. Арнайы батыстан келген мұнайшылар наразылық қадамдарының жалғасатынын жеткізіп, министрлік ғимараты алдынан кетуден бас тартты. Ілезде министрлік төңірегін қорыған жасақ жылдам жиналып, оларды ұрып-соғып, ұстай бастады.

Энергетика министрлігі ғимаратының алдында бір тәулікке жуық тұрған мұнайшылардың толық ұсталғаны белгілі болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік,  бір күн бұрын 80-ге жуық азамат министрлік ғимаратының алдында жиналды. Дүйсенбі күні олардың сапына жұмыстан қуылған жаңаөзендіктер қосылып, саны 150-ге дейін артты. Олар өздері жұмыс істейтін компанияның тендерін "Кезби" мен «Ai-Bis» компаниясының ұтып алғанына наразы. Алайда Үкімет олардың талабын қанағаттандырмады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер