Тәліптер ауған әйелдеріне БҰҰ-да жұмыс істеуге тыйым салды

2261
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстандағы Талибан билігі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) әйелдерге БҰҰ-да жұмыс істеуге тыйым салатын бұйрық шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тәліптер Ауғанстандағы әйелдерден БҰҰ миссиясы құрамында қызмет атқармауды ресми түрде талап еткен. Олар ұйымда жұмыс істеуге тыйым салатын бұйрық туралы хабар алды», - деді БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик.

Айтуынша, бұл оқиғаның елдегі ұйым қызметіне қалай әсер ететіні зерттеліп жатыр.

«Талибан» басшылығының ресми мәлімдемесінде бұйрықтың бүкіл ел ішінде қолданылатыны көрсетілген. Бұл әйелдердің негізгі құқықтарын бұзады және кемсітушілікке жол бермеу принципіне қайшы келеді»,—деп толықтырды ол.

Бұған дейін тәліптер әйелдердің университетте оқуына да шектеу қойды.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысы — радикалды және экстремистік шектен шыққан ұйым.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер