Бас мүфти президентке қайырымдылық шаралары туралы айтты

2465
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады.

Мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Бас мүфтидің айтуынша, діни басқарма осы жылды "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жариялады. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер