Министр Асхат Оралов төрт айдан кейін де орнында қалды

3184
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өз қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Үкіметтің жаңа құрамын тағайындауға қатысты мемлекет басшысының жарлығында:

"Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын, - делінген.

Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті.

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Осы жылдары «Нұр Отан» партиясы филиалында, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасында, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылдың шілдесінен бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Бұрын "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы болған Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып алғаш рет биылғы 4 қаңтарда тағайындалған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер