Сағадиев мектептегі төбелес үшін директорларды жұмыстан босатуды ұсынды

1092

Білім және ғылым министрі әкімдік өкілдеріне оқушыларға жәбір көрсетілген мектептердің директорын жұмыстан босатуды ұсынды. Бұл туралы Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

"Министрлік мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілеріне ешқандай шара қолданбаған. Бұл жергілікті атқарушы органдардың жұмысы. Бірақ биыл біз белгілі бір директорды жұмыстан босату туралы ұсынысты көпшілікке жариялаймыз. Оның ішінде әлімжеттік болған мектеп директорларын" - деді Сағадиев Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында.

ЮНИСЕФ мәліметінше, қазақстандық балалардың 62 пайызы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.  Қаңтардың аяғында әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімнің кіші сыныпта оқитын оқушыларжы ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео таралған еді. Оқиға Түркістан облысында болған. Қарағандыда 11 жастағы баланы орын бермегендігі үшін соққыға жығылған.

Пікірлер