"Жерде бұралып, ыңырсып жатқан Саакашвили емес, таланған, тоналған Грузия" - журналист Инна Курочкина

2131
Adyrna.kz Telegram

Журналист, қоғам белсендісі Инна Курочкина ақпарат айдынында грузин және Украинаның мемлекет және қоғам қайраткері, Грузияны 2004-2013 жылдар аралығында басқарған президент Михаил Саакашвилидің жанаярлық бейнесін көпсетіп, ой қозғарлық жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист өзінің жазбасында бұрынғы басшының мүшкәл хәлін бір азаматтың мойнына түскен қамыт емес, тұтас елдің тағдырын жалпаған оқиға ретінде сипаттайды. "Жерде жантайып жатқан Саакашвили емес, таланған, тоналған Грузия" деп баға береді.

- Президент Байден және Президент Зеленский өз елі мен халқының ар-намысын қорып, рухын, қадір-қасиетін және ержүректігін әлемге паш етіп жатқан сәтте...
Шешен Республикасының Премьер Министрі Ичкерия Ахмед Закаев өзінің шыдамды халқының сынбаған рухын танытып жатқан сәтте...
Грузия Президенті еденде бүралып, сорлап жатып қайтыс болады.
Бала кезімде, Грузияда, үйренгенімгің бәні жаншылып, жанышталды.
Еденде таяқ жеген, үстіне құсық төгілген Михаил Саакашвили жатқан жоқ,
Еденде сатылған, саудаға салынған, итсілікпесі шыққан, ұрыстан ұнжырғасы түскен Грузия  жатыр, - деп жазды журналист.

Еске сала кетсек, Саакашвили 1 қазанда  Грузияға заңсыз кіргеннен кейін ұсталды. Саясаткер бірнеше жыл бұрын банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру ісінде оған сырттай шығарылған үкім бойынша түрмеге қамалды. Түрмеде Саакашвили аштық жариялап, ақырында Гори әскери ауруханасына түскен.

"Азаттықтың жазуынша", "Қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен Михаил Саакашвили 2021 жылы алты жылға бас бостандығынан айырылған. Былтырғы мамыр айында саясаткердің денсаулығы күрт нашарлаған. 12 мамырдан бері жеке клиникада, күзет бақылауында жатыр. 30 қаңтарда Саакашвилидің баспасөз хатшысы Георгий Чаладзе оны реанимация бөліміне ауыстырғанын хабарлаған, бірақ клиника директоры бұл ақпаратты растамаған.

Михаил Саакашвили командасының хабарына қарағанда, бұрынғы президент сот шешімін "өзіне кесілген өлім жазасы" деп атаған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер