“Петропавлдағы шабуыл”: Министр еліміздің барлық мектебінде тексеріс жүргізілетінін хабарлады

905
Adyrna.kz Telegram

Петропавлдағы жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құруды тапсырды. Оның құрамына Балалар құқығын қорғау комитеті, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, СҚО Білім басқармасының өкілдері кірді.

"Айта кететін жайт, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі орнатылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептеріне қауіпсіздікке байланысты тексеріс жүргізу тапсырылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket