Бүгін, 6 ақпан жеңілдетілген автокредит бойынша электронды кезек іске қосылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өтінімді Астана уақытымен сағат 10:00-де autonesie.kz сайтында бере алады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.
Cайтқа кіргеннен кейін "Өтінім беру" батырмасын басып, электронды цифрлық қолтаңбаны қолданасыз. Сол кезде адамның аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі автоматты түрде шығады. Одан кейін тек телефон нөмірі мен автоөндірушіні ғана енгізу керек. Соңында өтінімді цифрлық қолтаңбамен рәсімдеп, жібере саласыз. Сайтта өтінімнің мақұлданғаны да көрсетіледі. "Сіз сәтті тіркелдіңіз" деген жазу шығып, жеке кабинетке хабарлама түседі.
Айта кетері, өтінімде көліктің моделін ғана емес, автокөлікті өндірушіні ғана көрсетуге болады.
Жеңілдетілген автокредиттің шарттары:
көлік құны 15 млн теңгеден аспауы керек;
кредит сомасы – 10 млн теңге;
бастапқы жарна қажет емес;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%;
қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды.