Қаңтар оқиғасы кезінде Ақордада қақтығыс болды ма?

2539
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сол кездегі ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің оққағарлары арасында төбелес болды. Бұл туралы Orda News жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Дереккөздің айтуынша,  Ақордада қаңтардың үшінші күні нағыз қырғын болды. Тоқаев пен Мәсімовтің жеке сақшылары төбелесті.

Жалпы Мәсімов Ақорда мен Қазақстанды шұғыл түрде тастап кету туралы өтінішпен Тоқаевқа бірнеше рет келген. Белгілі болғандай, ол күн сайын, 1 және 2 қаңтарда қайталаған. Ал бас тартқан сайын наразылық деңгейі арта түсті.

Қазақстан президенті резиденциясында алғаш рет қан төгілді. Ал үшінші қаңтарда Тоқаев пен Мәсімов сақшылары арасында төбелесте пышақ қолданылды. Тіпті қайтыс болғандар да бар. Бір кездері күрес аяқталып, президент сақшылары жеңіске жетті.

Тоқаев пен Мәсімов айналасындағылар үшін күтпеген жерден екеуі де білетін қытай тілінде сөйледі. Қалғандар түсінбеген диалогтың соңында Мәсімов орыс тілінде: «Мен не істеуім керек?»— деді. «Бірдеңе істеуге тым кеш»,— деген Тоқаев оған. Үш күннен кейін Кәрім Мәсімов қамауға алынды.

Гүлнәр Бажкенова «бізге қайғылы оқиға туралы шындықтың толық айтылмағанын ескерсек» бұл оқиғаны айтуға құқығы бар екенін айтады.

Ол сондай-ақ бұл оқиғаны ешкім растамайтынын, ал егер расталса да «100 жылдан кейін» болатынын мәлімдеді. Сондықтан сену немесе сенбеу әркімнің өз ісі.

Пікірлер