“Жағымпаздық жырларымен” танылған ақын Балтабек өзін бүгінгінің Бұқар жырауы деп атауда

5663
Adyrna.kz Telegram
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Жағымпаздық жырларымен” танылған ақын Балтабек Нұрғалиев өзін бүгінгінің Бұқар жырауы деп таныстырып жүр. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нұрсұлтан Назарбаевты және оның туыстарын жырлап, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап өлең жазып жүрген ақын Балтабек Нұрғалиев Facebook парақшасына “Бүгінгінің бұқары Балтабектің үкіметке айтқаны” атты жаңа өлеңі мен Бұқар жыраудың суретін жариялаған.

“Бүгінгінің Бұқары Балтабектің үкіметке айтқаны

Уа, Үкімет, Үкімет!
Үміт арттық үкілеп.
Президент қазір қолдап тұр,
Сондықтан да шүкір ет.

Президентті тыңдаңдар,
Босқа қарап тұрмаңдар.
Жасаңдар елдің жағдайын,
Ел дегенім – шын заңғар.

Жемқорлық іс етпеңдер,
Адалдыққа беттеңдер.
Президент риза болады,
Тапсырмаларын реттеңдер”,- деп жазды ақын.

Оған пікір білдірушілер не үшін Бұқар жыраудың суретін қойғанын сұрады. Ал ол “мен қазіргі заманның Бұқарымын” деп жауап берген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер