"Путин менің көзқарасымды күштеп өзгерте алмайды" - Мәскеулік мектеп оқушысы

3017
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Ресей билігінің сойқан саясатына саналы түрде қарсылық танытқан қаршадай қыздың пікірі жарияланды. Мәскеулік 15 жасар жасөспірім өз сөзінде Путиннің саясатын айыптайды. Украиналық құрбандардың құрметіне қойылған мемориалға барған бойда полицияның ұстап әкеткенін баяндап, өзінің азаматтық көзқарасын батыл білдіреді. Бұл жайды "Адырна" ұлттық порталы жазды.  

15 жасар мектеп оқушысы Катяны "Леся Украинка" ескерткішінің жанында полиция ұстап әкеткен. Ол Днепрдегі орыс зымыранынан қаза тапқандарды еске алуға арналған мемориалға тәу етуге барған. Сұхбат "Ходорковский Live" арнасының " Ауа " бағдарламасында айтылды.

"Путин мені көзқарасымның өзгеруі үшін күш көрсете де, ықпал ете де алмайды. Украинада болып жатқан оқиғалар жанымды жаралап жүр. Мен бұған қарап жақ ашпай, үнсіз отыра алмайды екенмін,  - деді қаршадай қыз.

Ресей зымырандары Днепрдегі тұрғын үйді жарып жіберген кезде батыл қыз мемориалға гүл шоқтарын қоюға барады. Оны полиция ұстап әкетіп, ана-анасының қатысуынсыз тергеуге алған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер