Мұз жарылып, Алакөлге көлігімен батып кеткен ер адамның денесі табылды

2646
Adyrna.kz Telegram
Мұз жарылып, тізгіндеп келе жатқан көлігімен бірге көл түбіне кеткен адамның денесі 28 метр тереңдіктен табылды. Марқұмның су астында батқан көлік ішінде бір тәулікке жуық уақыт жатып қалғаны анықталды, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

"13 қаңтада сағат 15:10 шамасында қасында жолаушысы бар НИВА маркалы көліктің жүргізушісі қатқан Алакөл үстімен жүріп өткен. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға кеткен. Көліктегі жолаушы сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті", - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстары барысында 14 қаңтарда сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне алып шықты.

Су астын барлау жұмысына ҚР ТЖМ РҚҰ-ның Абай облысындағы 4 қызметкері, 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 25 адамы жұмылдырылып, 6 техника қолданылды.

“Адырна” ұлттық порталы

 

 

Пікірлер