Блогер Тоқберген Әбиев 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды

3532
Adyrna.kz Telegram

Блогер Тоқберген Әбиев 50 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тоқберген Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Өткен жылдың 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды",-  делінген хабарламада.

Антикордың хабарлауынша, бұдан басқа Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды.

"Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті. Абиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды. Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі",- делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер