Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

2556
Adyrna.kz Telegram

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Максим Александрович Споткай 1991 жылы туған. Білімі - жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген, инженер-менеджер.

"Nur Otan" партиясы Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, "Джей Энд Эс" халықаралық компаниясының қазақ тілі пәнінің оқытушысы, "ZamandaS" Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, "Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ ПОФ бас маманы, М. А. "Павлодар облысының профцентр" ТОП төрағасы, "Павлодар профсервис" ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ жетекші, бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

 «Нұр-Медиа» ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер