Әнші Димаш діндер съезінің “Ізгі ниет елшісі” атанды

1154
Adyrna.kz Telegram

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Димаш Құдайбергеннің қазақтың ұлттық мәдениетін дәріптеуге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Оның өнері арқылы бейбітшілік пен ізгілік идеяларын насихаттап, халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етіп келе жатқанын айтты.

“Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев дінаралық және өркениетаралық диалог мәселелеріне үнемі баса мән беріп келеді. Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында рухани дипломатияның маңызы арта түсті. Бейбітшілік пен диалог мәдениетін дәріптеу аса маңызды. Осы тұрғыда діни, саяси және қоғамдық көшбасшылардың бірлескен күш-жігері үлкен рөл атқарады. Сіз алдағы уақытта да өзіңіздің шығармашылығыңызбен және креативті жобаларыңызбен бейбітшілік пен келісім идеяларын халықаралық деңгейде ілгерілетуге зор үлесіңізді қоса бересіз деп сенемін”, – деді Мәулен Әшімбаев.

Осы кездесуде Сенат Төрағасы Димаш Құдайбергенге Съездің Ізгі ниет елшісі төсбелгісін табыс етті.

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне және Жас діни лидерлердің II форумына дайындық барысы талқыланды. Сонымен қатар, Съезд тұжырымдамасын іске асыру және осы бағыттағы бірлескен жобалар жайында пікір алмасты.

Айта кетейік, Димаштың Сенат ғимаратында жүргені хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер