"Итсіңдер, кетіңдер!" - Парламенттегі шенді "Қаңтар қырғыны" жайлы сұрамақ болғандарды итке теңеді

8497
Adyrna.kz Telegram
Ұлттық ақпарат кеңістігінде "Қаңтар оқиғасы" жайлы сөз қозғамақ болған қауымды итке теңеген билік өкілінің видеосы тарады. Тұтас қауымды итке теңеген шенді - Бас прокуратураның Парламенттегі өкілі Мейрамбай Кемалов. Шенеуніктің бұл өктемдігі көп адамның ашуын туғызып, айтарлықтай қарсылыққа ұшырап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қазнетте Бас прокуратураның Пармаменттегі өкілі Мейрамбай Кемаловтың Қаңтар жайлы сұрақ қоймақ болғандарға «кетіңдер, сендер итсіңдер» деп жауап берген видеосы тарап жатыр. Бұған қатысты журналист Асан Анарбай:
- ҚР Бас прокуратурасы QAŃTAR’дың 40 өтірігін құраймын деп басына күн тиген дерсің. Ақорда жиі айтатын ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ рас болса қоғам жыл бойы күткен сұрақтарға жауап алуға талпынған әріптестерге қарата ИТке теңеген прокуратура өкілі Мейрамбай Кемалов қызметтен қуылсын! - деп жазды.
Өзге де ақпарат өкілдері мен қоғам белсенділері шендінің бұл әрекетін сұрақтан жалтару деп санайды.
- Әріптестеріме "кеттіңдер", "итсіңдер" деді ме? Елдің тағдыры сынға түскен қаңтар оқиғасында қатысты сұраққа осындай жауап алды. Біз ештеңеден де сабақ алмаппыз. Бір күннің қамы. "Бірдеңе десем, ертең сөзім өзіме қарсы шыға ма?" деген қорқыныш бар. Журналистерді соңынан шұбыртып қойып, тығылатын жер іздеп жүреді.... (Бұл - тек кешегі жағдай емес, біраздан бері көз алдымызда қалыптасқан сурет) Әу баста айтылған ақпаратты түрлендіріп, бір жыл жазып келдік. Елдің де, әріптестердің де тың ақпарат күтетіні анық. Журналистің міндеті - ақпарат тарату. Ол ойына келгенді жаза алмайды. Шынайы ақпарат жазылсын десең, нақты, дұрыс дерек айт, құрметті құзырлы орган өкілдері, тиісті мамандар. Айтарың жоқ болса, үндеме, - деп жазды журналист Ботагөз Жөкенқызы.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер