Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне кірісті

2508
Adyrna.kz Telegram

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметіне кірісті. Бұл туралы ҰҚШҰ сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге тағайындалды", - делінген ҰҚШҰ сайтында.

Еске салайық, 2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Пікірлер