Түркияда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

2921
Adyrna.kz Telegram

Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен қазақтың белгілі ағартушысы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Анкара қаласындағы Етимесгут муниципалитетінде Ұлт ұстазының ескерткіші мен паркі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аталған шараға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Етимесгут муниципалитетінің әкімі Енвер Демирел, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Сыртқы істер министрінің өкілі Хасан Баджажы, Анкарадағы түркітілдес мемлекеттер Елшіліктерінің өкілдері, ТҮРКСОЙ өкілдері, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арслан, зиялы қауым, қазақ диаспорасы және БАҚ өкілдері қатысты.

«Түркия Астанасы Анкара қаласында Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы паркінің және ескерткішінің ашылуы — бауырлас қазақ және түрік халықтарының мәдени-гуманитарлық қатынастарының алдағы уақытта да тұрақты дамуының көрсеткіші»,—делінген хабарламада.

Пікірлер