Жетісай тұрғыны аудандық полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып шағымданды. Оған танысы адамдарға грант алып бере алатынын айтып, сенімге кіріп, қызын ЖОО-ға грантқа түсіруге уәде беріп, 1 млн теңге алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді. Жетісай тәртіп сақшылары қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында жедел іс-шаралар өткізді.
“Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғыны анықталды. Белгілі болғандай, ол Жетісай ауданына қонаққа келген. Алаяқтық арқылы алынған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсады. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауды жалғастыруда”, делінген ақпаратта.