Астанада «BIZ ВIRGEMIZ FEST» қайырымдылық фестивалі өтеді

2760
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласында ең ауқымды «BIZ ВIRGEMIZ FEST» республикалық қайырымдылық музыкалық фестивалі өтеді. Іс-шара  «Biz Вirgemiz Qazaqstan» қоғамдық қоры мен Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.

Кеш 26 желтоқсан, 2022 жылы Астана қаласында өтеді (Фестиваль уақыты 26-желтоқсанға ауысты).

Кештің басты ерекшелігі –  әлемдік деңгейдегі халықаралық байқауларда көк туымызды көкке көтеріп жүрген, республика бойынша өте талантты ерекше балалардың үлкен сахнада өнер көрсетуі болмақ.

Шара мүмкіндігі шектеулі және мүгедек шығармашылық дарынды балалар мен жастарды, қазақстандық эстрада жұлдыздарын, меценаттарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.

Сондай-ақ, фестиваль барысында демеушілер тарапынан пәтер кілті екі көпбалалы аз қамтылған отбасыға табысталады.

Кештің басты хэдлайнері – Димаш Құдайберген. Сонымен қатар, фестивальде Кенжебек Нұрдолдай (зағип әнші, музыкант, Андрей Малаховтың «Песня от всей души» шоу-бағдарламасының қатысушысы), «SENSITIVE» би тобы (АҚШ-та өткен орындаушылық өнердің 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік чемпионатының жеңімпаздары), Алтыншаш Мұқатаева (әнші, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы) т.б және еліміздің эстрада жұлдыздары, атап айтқанда: HAZIMA, Тамара Асар, «Бастау» тобы, KOBA&MANS, Mona Songz, ALPHA, Aidyn, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай өнер көрсетеді.

Шара кезінде  «Қарақат» мектеп студиясының 100 шәкірті жетігенде, «Алтын Домбыра» мектебінің 100 оқушысы домбырада ұлттық күйлерді ойнайтын болады.

Билеттер Kino.kz сайтында (бағасы 15 000 тг-ден бастап).

Өтетін орны: Астана қаласы, «Барыс Арена», Тұран 57.

Өтетін уақыты: 26 желтоқсан  жыл, сағат 19:00.

Аккредитация сұрақтары бойынша жауапты: Нұрсәулет Сапарбаева +7 777 662 1098

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер